Русский Сайттың толық нұсқасы

Балқашта самокат теуіп келе жатқан 8 жастағы баланы көлік қағып кетті

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2023
  • 806

Балқашта 63 жастағы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде самокат теуіп келе жатқан 8 жастағы баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнындағы жантүршігерлік кадрлар видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады.

Оқыс оқиға Балқашта Желтоқсан көшесінде болған. Самокат теуіп келе жатқан бала жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған кезде Toyota RAV 4 көлігі қағып кеткен.