Русский Сайттың толық нұсқасы

"Домаланып, ісініп жүрдім". Аша Матай артық салмақтан арылу кезіндегі қателіктері туралы айтты

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2023
  • 1003

Танымал әнші Аша Матай босанғаннан кейін 32 келі артық салмақ қосып алғанын айтты. Әнші бұл салмақтан қалай арылғанын және арықтау кезіндегі қателіктері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы өнер иесі "Қыздар-ай" бағдарламасында бөлісті.

"Босанғаннан кейін 32 келі артық салмақ қосып алдым. Бойым 158 сантиметр, тұрмыс құрғанда 47 келі едім. Бала көтергенде 52 келі болдым. Ал босанғанға дейін 32 келі қостым. Мен үшін қорқынышты болды, домаланып, ісініп жүрдім. Нақты спортпен, салауатты өмір салтын ұстандым деп айта алмаймын. Көбіне қозғалыс көмектесті. Мен негізі артық салмақтан арылтатын дәрі іштім. Ішпеңіздер, бұл өте зиян", - дейді өнер иесі. 

Аша Матай - қазақстандық әнші, актриса әрі тележүргізуші. Ол "Біржан Сал", "Астана ғашықтар мекені", "16 қыз" фильмдеріне түсті.