Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2023
  • 1330

Бүгін Қытайдың CCTV телеарнасының эфирінен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі.

Президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап береді.

«Leaders Talk – халықаралық проблемалар талқыланатын бағдарлама. Бұған дейін аталған бағдарламаға 20-дан астам мемлекеттің басшылары мен халықаралық ұйымның жетекшілері эксклюзивті сұхбат берген»,-делінген хабарламада.