Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұзда 30 жастағы әйел балабақша күзетшісін өлтірді деген күдікке ілінді

Екібастұзда 30 жастағы әйел балабақша күзетшісін өлтірген болуы мүмкін. Күдіктіні полиция қамауға алды. Қазір тергеп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқыс оқиға мереке күндері болған. Полиция департаменті кісі өліміне қатысты өзге дерек жария етуге жатпайтынын хабарлады.

Төлеген ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы қылмысты жасады деп күдіктелген әйел қамауда ұсталады.