Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде ғылымның дамуына бөлінетін қаражат көлемі 60 процентке өскен

Алматыда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы отандық ғалымдардың басын қосты. Бұл - мемлекет басшысының ғылыми қауымдастықтың алдына қойған жаңа міндеттер аясында өткен алғашқы кездесу. Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан ғылымының мәселелері мен оларды шешу жолдарын талқылады. Әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми қызметтің басым бағыттарын айқындау жөніндегі бірқатар ұсыныстарымен бөлісті. Сондай-ақ жиын барысында ғылыми-инновациялық қызметке баулу арқылы жастардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру маңыздылығы да тілге тиек етілді. «Ол үшін грант беру жүйесін жетілдіріп, қосымша бағдарламаларды ойлап табу қажет»,- дейді ғалымдар. Айта кету керек, елімізде ғылымның дамуына бөлінетін қаражат көлемі 60 процентке өскен.

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ" КеАҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Ғылымға бөлінген дүниедегі қаражатты алсаңыз, ішкі өнімнің кем дегенде 2 пайызын береді. Кейде 3-4 процентке дейін барады. Біздегі ғылымға бөлетін қаржы 1 проценттің төрттің біріне жетпейтін болатын. Қазір біз соны көтеріп жатырмыз. Қазіргі тенденция жақсы. Оны мойындауымыз керек. Үкімет те, Президент те өз жеке қамқорлығына алып, бұған үлкен жағдай жасап жатыр.