Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облыстық мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2023
  • 755

Алматы облыстық мәдениет басқармасының басшысы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Қазір басқарма басшысы Әлия Жақыпбековаға және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Лауазымды тұлғаға бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, өз мақсатына жұмсады деген айып тағылды.

Іле аудандық тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік мекеме басшысы қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.