Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы бір отбасы мүшелерінің өлімі: Улану себебі белгілі болды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2023
  • 1428

Алматы облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 4 мамырда Қарасай ауданына қарасты Коляшы ауылында бір отбасының улану себебін анықтаған сараптама қорытындысын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы облысы бойынша ДСЭК хабарлағандай, санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер мен өлшеулер нәтижелері бойынша тұрғын үйдің ауасынан 1,1-1,3 миллиграмм шамасында көмірқышқыл газының іздері табылған.

"Уланғандардың қанынан карбоксигемоглобин табылды, бұл көмірқышқыл газымен уланғанын көрсетеді. Сараптама қорытындысы мен зертханалық мәліметтер бойынша көмірқышқыл газының улы әсері деген диагноз қойылды", – деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері.

Мамандар көміртегі тотығы гемоглобинмен оңай әрекеттесіп, карбоксигемоглобин түзетінін, оттегін ұлпаларға тасымалдай алмайтынын атап өтті.