Русский Сайттың толық нұсқасы

Энергетика министрлігінде жоспарланған баспасөз мәслихаты тиісті деңгейде өтпеді

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2016
  • 1657

Энергетика министрлігінде жоспарланған баспасөз мәслихаты тиісті деңгейде өтпеді. Жуырда ғана тағайындалған жаңа министр Қанат Бозымбаев бүгін АҚШ энергетика министрімен кездесіп, энергетика саласындағы әріптестік мәлімдемесіне қол қойды.

Осы шараға орай өтеді делінген баспасөз мәслихатына келген журналистер бір сағаттай күтуге мәжбүр болды. Залда дыбыс жазу мен тілшілердің орналасуына жағдай жасалмаған. Ал министр «бұл баспасөз мәслихаты емес» дейді. Бірді-екілі сұраққа жауап берген шенді өзгелерін елеусіз қалдырды. 

«Астана» телеарнасының Қарашығанақ кен орнына қатысты сауалына да жауап болмады. Алпауыт кен орнында жұмыс істейтін шетелдік консорциумдардан Қазақстан 1,6 млрд доллар талап етіп отырғаны жайлы ақпар тараған еді. Министрдің осы мәселеге қатысты пікірін білмек болғанбыз. Үкімет консорциум мүшелерін, шығындарды өтеу нормаларын бұзғаны, өнімдерді бөлісу келісімінде есептерді дұрыс жүргізбегені үшін, айыптап отырған көрінеді. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ