Русский Сайттың толық нұсқасы

Дауыл, найзағай және аяз: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2023
  • 1678

Cиноптиктер желдің күшеюіне, найзағай ойнап, аяз болуына байланысты еліміздің 12 облысында дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, ертең, 15 мамырда Алматы облысында күн күркіреп, найзағай кезінде жел екпіні 25 м/с дейін жетеді. Алматыда тағы да найзағай күтіледі. Ақмола облысында 3 градусқа дейін аяз күтілуде. Астанада да 2 градусқа дейін аяз күтіледі. Батыс Қазақстан облысында синоптиктер найзағай ойнайтынын ескертті. Ал Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының тұрғындары тұман, екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжайды. Сондай-ақ түнде 2 градусқа дейін аяз болады. Бұл ретте Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында ертең 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 1 градусқа дейін аяз болады. Түркістан облысында күн күркіреп, шаңды дауыл соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шымкент тұрғындары да 15-20 м/с болатын екпінді желге дайындалуы керек. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, сонымен қатар төтенше өрт қаупі бар. Маңғыстау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Синоптиктер болжауынша, Жетісу облысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алакөл маңында желдің жылдамдығы 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодар облысында тұман түсіп, 3 градусқа дейін аяз болады.