Русский Сайттың толық нұсқасы

Димаш Құдайбергеннің Малайзияда жеке кеші өтеді

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2023
  • 822

Димаш Құдайбергеннің Stranger туры әлем бойынша саяхатын жалғастыруда. 2023 жылғы 24 маусымда Малайзия астанасы Куала-Лумпурда қазақстандық әртістің жеке концерті өтеді. Бұл жайлы dimashnews.com cайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сайт мәліметінше, шоу әйгілі Axiata Arena Bukit Jalil астаналық стадионында сағат 20:30-да өтеді. Айта кетейік, жақында Димаш Құдайбергеннің Stranger туры Түркия елінде өткен болатын. Еlorda.info сайтының мәліметінше, шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер келген. Түркиялықтар онда Димашқа өз елінің ұлттық аспабын сыйға тартты.