Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2023
  • 629

«Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық маман 2021 жылы команда тізгінін ұстады. Команданы бірінші лигадан Премьер-лигаға алып шығып, былтыр үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалды.

Тәжірибелі маман команда құрамында қызметін жалғастырып, техникалық директор қызметіне тағайындалды. Ол жастар мен жасөспірімдер футболының дамуына назар аударады. Сондай-ақ, футбол орталығының жұмысына жауапты болады.

Футбол клубын алдағы ойындарға уақытша Руслан Эсатов дайындайды.

Қазір «Мақтаарал» командасы турнир кестесінде небәрі үш ұпаймен көш соңында тұр.