Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте қыздың аяғы ойын алаңында темір торға қысылып қалған

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2023
  • 1026
Сурет: otyrar.kz

Шымкентте қыздың аяғы ойын алаңында темір торға қысылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 8 шағынауданындағы Мамытов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында атқарылды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Ойын алаңында кішкентай қыздың аяғы темір торға қысылып, шығара алмай жатқан туралы хабарлама 14 мамырда "112" құтқару қызметіне түскен.

Құтқару бөлімшесінің мамандары оқиға орнына барып, гидравликалық құралмен темірторды керіп, қыздың аяғын шығарып алған.

Медициналық көмек қажет болмаған, қыз ата-анасына аман-есен тапсырылған.