Қызылордада сауда орталығының бірінде қала тұрғынын пышақтап кетті. Полицейлердің мәліметінше, күдікті бой тасалап үлгерген. Сондай-ақ, көлігінің мемлекеттің нөмірін де шешіп алыпты. Көп уақыт өтпей бейнебақылау камерасы арқылы күдікті анықталған. Патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыт-бағдар беріліп, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Серік ЕРІМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Аталған дерек ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігімен, «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Жыл басынан бейнебақылау камераларының көмегімен 50-ден аса қылмыстар ашылуына септігін тигізіп, 13 мыңнан аса әкімшілік-құқық бұзушылықтар анықталған.