Русский Сайттың толық нұсқасы

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбеков «Айбын» орденімен наградталды

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбеков ІІІ-дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойды. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та жұмыс барысында жанқиярлық танытқан өрт сөндірушінің отбасына көңіл айтты.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Өткен аптада ғана Іле-Алатау ұлттық паркінде болған өртті сөндіру кезінде сержант Арслан Құрманбеков қаза тапты. Үкіметтің және жеке өз атымнан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.

Жиырма сегіз жастағы Арсланның үлкен жоспарлары болды. Ол тамызда үйлену тойын өткізіп, үй салуды армандаған еді деп еске алды марқұмның анасы.

Бақытгүл ҚҰРМАНБЕКОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Ол маған мүлдем басқа адам сияқты көрінді. Мінезі біршама тыныш еді. Үнемі менімен бірге отырып, шай ішетін. Соңғы уақытта оның өзгергені байқалды. Ерекше әдемі болды.