Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаеваға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Сотқа дейінгі тергеп-тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қосымша ақпарат берілмейді», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Айта кетсек, Әлия Қожабаева 2020 жылдың ақпанында астаналық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану департаментінің басшысы болып тағайындалды.