Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қаза тауып, алты адам зардап шекті. Арасында бес жастағы бала бар. Chevrolet жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қайтыс болды. Өзге үш жолаушы және Тоуота көлігіндегі ерлі-зайыпты мен олардың бес жастағы баласы Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген. Екі адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр дейді. Қалған төртеуі түрлі дене жарақатын алған. Жағдайы орташа ауыр.