Русский Сайттың толық нұсқасы

Ғылым саласында басшы болып жүргендердің көбі қартайған

Академиктер қартайды. Ғылым саласында басшы болып жергендердің көбі 69 жастан асқан. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Олардың егде жасқа жетсе де қызметтен кетпеуіне өзгелердің академиялық деңгейге жете алмауы себеп. Қазір елімізде 22 мыңнан аса ғылыми кадр бар. Оның 37 проценті ғана ғылыми дәрежеге ие. Бұл – төмен көрсеткіш.

Саясат НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

34% - 35 жасқа дейінгі жас ғалымдарымыз, негізгі топ - 43%. Ол – 34-55 жастағы орта жасты ғалымдарымыз. Орта жасы ғылыми зерттеу институттары басшыларының жасы – 59 жас. Ұлттық ғылым академиямыздың, қазіргі таңда академиктардың жасы – 69 жас.

Басшылық құрамның жаңармауына бірден-бір себеп – жастардың ғылымға келмеуі. Министрлік жыл сайын осы салаға қанша грант бөлсе де, жастар PhD-ді қорғай алмайды. Дәрежеге қол жеткізген күннің өзінде, зерттеу институттары мен университеттерде жұмыс істеуден бас тартады. Оған жалақының аздығы әсер етеді – дейді министр. Ал депутат Асхат Аймағамбетов ғылымды дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тікелей қаржыландыруға жататын ғылыми ұйымдардың субъектілерін кеңейту керек. Агра өнеркәсіп саласындағы, медицина саласындағы, басқа да фундаметалдық ғылым саласындағы институттарды тікелей қаржыландыруға беру керек. Біздің ғалымдарымыз тек қана конкурсты ғана күтіп отырмай, күнделікті мұғалымдер, дәрігерлер сияқты, басқа қызметкерлер сияқты күнделікті қаражаты, жалақысы болуы керек. Ал, конкурстан жеңіп алатын болса, ол қосымша қаражаты болады.