Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісайда жедел жәрдем көлігі жетіспейді

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2023
  • 1752

Түркістан облысының Жетісай ауданында жедел жәрдем көлігі жетіспейді. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда Жетісай ауданында жедел жәрдем орталығы жұмыс істеп тұр. Орталықтың 20 арнаулы көлігі бар. Дегенмен, 200 мыңға жуық адам тұратын өңір үшін жиырма көлік жеткіліксіз болып отыр.

«Жедел жәрдем көлігінің қажеттігін айтып денсаулық сақтау басқармасына арнайы ұсынысты бердік. Депутаттарымыз да сауал жолдады.
Сондай-ақ, қазір жедел жәрдем шақырушылардың қоңырауы бірінші Түркістанға түседі. Содан кейін ауданға жолданады. Сол шақыртуды бірден аудан орталығына түсетін ету керек», - деді Серік Пірімбеков.

Айта кетейік, биылғы бірінші тоқсанда Жетісай ауданында 1 077 нәресте дүниеге келді.