Русский Сайттың толық нұсқасы

Республика бойынша «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауларына 140 мыңға жуық өтініш түскен

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2016
  • 2074

«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауларына 8 ай ішінде 140 мыңға жуық өтініш түскен. Ал арызын арқалап барған азаматтар үшін басты мәселенің бірі - баспана. Сәйкесінше, ипотекалық несие мәселелеріне қатысты 1576 өтініш тіркелген. Ал, оның ішінде 130-ы Жамбыл облысы тұрғындарынан келіп түскен. Осыған орай, бүгін Астанадан арнайы нұротандықтардан құралған жұмыс тобы Жамбыл жеріне барды. Онда алдымен екінші деңгейлі банк басшылары тұрғын үй және ипотекалық займ мәселелері бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Халықтың қарасы қалың. 30-ға жуық аймақ тұрғындары қарбалас кезекке тұрып, арыздарын айтуға асықты. Ұлттық банктің 2015 жылғы сәуірдегі қаулысымен «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру» бағдарламасы шыққан болатын. Аталмыш бағдарлама қарыз алушылардың берешегін өтеу талаптарын жеңілдетуге бағытталған. Бұл бағдарламаға іліккен жанның бірі - тараздық тұрғын Сағат Аққасинов. Енді ол банкке бірнеше миллион қарыз қаржыны құюдың орнына, пайызсыз негізгі несие соммасын ғана төлейтін болды.

Сағат Аққасинов, Тараз қаласының тұрғыны:

Менің негізі қарызым алған кезде 1 миллион 800 мың теңге болатын болса, қазіргі таңда  6 миллионға дейін өсіп кеткен тұғын пайызы. Ендігі жерде мен қазір 1 миллион 800 теңгедей ғана өзімнің нақты қарызымды ғана төлеймін. Кезінде 24 пайызбен алған тұғын. Енді қайта қаржыландырудың арқасында тек қана 3 пайызбен негізі қарызды төлеймін.

Қоғамдық қабылдауда жамбылдықтарға банкомбудсмендер таныстырылды. Олар ипотека мен несие төлемдері бойынша күрмеуі қиын мәселелерді шешпек. Банкомбудсмендер 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Әрбір өтінішті Ұлттық банктің өкілімен тиянақты қарап, объективті жауап беріп отырмыз. Адвокаттар, медиаторлар өзінің ақысыз кеңестерін беріп отыр. Жолдарын көрсетеміз. Ал Жамбыл облысында бұндай мәселемен 128 адам осы жылдың  8 айында хабарласып отыр. Банкомбудсманмен бірге осы жерде ол кісілердің мәселесін тиянақты қарап, мәселелерін шешуге тырысамыз. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ