Павлодарда мопед пен автокөлік соқтығысып, 74 жастағы мопед жүргізушісі түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 мамыр күні сағат 18:50 шамасында Малайсары батыр - Жібек жолы көшелерінің қиылысында ВАЗ 21074 маркалы көлік құралы мен мопед соқтығысқан.
"ВАЗ автокөлігі айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Облыстық жедел жәрдем станциясында шақырту кеше сағат 18:59-да түсіп, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына екі минутта жеткенін хабарлады.
Зардап шеккен 74 жастағы ер адам түрлі жарақат алып, денесі көгерген. Зейнеткер Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жатқызылды.