Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы әйелдер колониясынан тұтқын қашып кетпек болған

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2023
  • 973

Жауғашты ауылында әйелдер колониясынан тұтқын қашып кетіп, жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылған, деп хабарлайды Алматы және Жетісу облысы бойынша Ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 12 мамырда сотталушы №10 мекемеден қашып кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында әйел мекемеге іргелес аумақта ұсталды. Аталған факт тіркеліп, Алматы облысы Іле ауданының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеру жүргізуде, оның нәтижесінде лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - деді ІІД баспасөз қызметінде.

Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайтынын айтты. Алматы және Жетісу облысы бойынша ІІД ресми сайтының мәліметінше, №10 қауіпсіздік мекемесі орта деңгейлі колониялар қатарына жатады. Мұнда сотталған әйелдер ұсталады. Мекеме Алматы облысы Іле ауданындағы Жауғашты ауылында орналасқан.