Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде 304 адам көздің қасаң қабығын ауысыруға мұқтаж

Елімізде 304 адам көздің қасаң қабығын ауыстыруға мұқтаж. Донор жоқ. Кей мүшелерді АҚШ-тан сатып алуға мәжбүрміз дейді мамандар. Бүгін Ұлттық медициналық университет клиникасы базасында қасаң қабықты трансплантациялаудың жаңа әдісімен операция жасалды. Тілшіміз Әйкерім Пернебек бірегей отаға қатысты.

Әйкерім ПЕРНЕБЕК ТІЛШІ:

Көз-жанның айнасы. Көз қабығын ауыстыру -трансплантация саласындағы ең қиын операцияның бірі. Дәл қазір мына бөлмеде көз қабығының дегенрациясы диагнозымен 70 жастағы кісінің қасаң қабығын ауысытырып жатыр. Көздің қасаң қабықтары мынандай шағын құтыларда келеді. Бұл АҚШ-тан әкелінген көз, иесі 14 күн бұр дүниеден өткен.

25 жастағы Нұрмахамбет Шымкент қаласынан келген. Ол кератоконус дертіне шалдыққан. Көз ауруы 6 жыл бұрын анықталыпты, бірақ мән бермеген. Бірақ, кейін қатты өкінгенін айтады.

Нұрмахамбет ЖҰМАБЕКОВ, ЕМДЕЛУШІ:

Алдында акиматта жұмыс істеген болатынмын, ол жерде қиын болды негізінде соңына қарай, көзім кәдімгідей көрмей қиын болып, компьтердің жазуларын көрмей. Сол үшін шығып кеттім ол жерден, жұмыссызбын уже 3 жыл болды.

Ал 52 жастағы Назипа қасаң қабықтың дистрофиясымен ауырады. Дәрігерлер диагноз қойғанда қатты күйзеліске түстім дейді.

Назипа ГАИПОВА, ЕМДЕЛУШІ:

Кеше операция істеді, сәтті өтті. 48-49 жасымда бір очки алуға барғанмын поликлиникаға. Сонда жас врач айтады, апай сізге очки керек емес, көзіңіздің бәрі әппақ деп. Институтқа бардым онда бұл неизлечимый, соңында соқыр боласың. Содан кейін менің өмір сүргім де келмей кетті шынымды айтсам.

Үш күн ішінде клиникада 12 адамның қасаң қабығына операция жасалды. Донорлық мүшелер АҚШ-тан әкелінген. Жаңа технология бойынша сақталған донорлық қасаң қабық тіндерді 14 күнге дейін сақтауға мүмкіндік береді.

Марат СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ДСМ ШТАТТАН ТЫС БАС ОФТАЛЬМОЛОГІ:

Бұрын әкелінген донордың қасаң қабығын хирург өзі кесіп, трансплантацияға дайындайтын. Ал қазіргі технологиялардың көмегімен арнайы жабдық ойлап табылған, ол керек жерді өзі дәл кесіп, көздің артық зақымдануына жол бермейді. Осының арқасында бізге дайын қасаң қабық жеткізіліп, операцияның сәтті өтіп, донорлық көздің қабығы дәл келу мүмкіндігі көбейеді. Бұл технологиямен науқастың көзінің оңалуы да тезірек болады.

Елімізде донорлық материалдың болмауы науқастар үшін күрделі мәселеге айналып барады- дейді мамандар. Қазір елімізде қасаң қабықтың ауыруы кератопластикаға – 221 адам, оның ішінде 107 бала; артқы қабатты кератопластика бойынша 83 адам кезекте тұр.

Марат ШОРАНОВ, ҚАЗҰМУ РЕКТОРЫ:

Ертең осы технологияларды біздің науқастар шетелге шықпай, өз қалаларынан шықпай сол тұрған жерінде алуға мүмкіндік ала алады. Бізде қазіргі таңда Қазақстанда барлық мүмкіндіктер бар, құрал жабдық жақтан толық қамтамасыз етілгенбіз, мамандарымыздың білімдері өте жоғары.

Аса ауыр жағдайларда трансплантация уақытын шегеру мүмкін емес,өйткені біраз уақыт өткеннен кейін донорлық ағза сіңіспей, жарамсыз болып қалуы мүмкін. Алдағы 2 жылда жаңа технология бойынша 304 операция жоспарланып отыр.