Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 52 адам 1 процентпен 10 млн теңгеге дейін демеу қаржы алған

Шымкентте жыл басынан бері 52 адам 1 процентпен 10 млн теңгеге дейін демеу қаржы алған. Бұл «AMANAT» партиясының кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мақсатындағы жүзеге асқан оңды істердің бірі. Өз кәсібін ашуға ниеттенгендерге «Shymkent Invest» фронт-офисінде мамандар бағыт-бағдар береді. Орталықта «бір терезе» қағидатымен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіледі. Былтыр фронт-офистің көмегіне 2325 кәсіпкер жүгінген. 2027 жылдың соңына дейін 80 мың жұмыс орнын ашу, кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар санын 200 мың адамнан асыру жоспарланып отыр.

Дана МИРБЕКОВА, КӘСІПКЕР:

Өзім 20 жастан жұмыс жасағанмын. Сол кезден армандағам осындай бір үлкен бизнес ашуды армандағанмын. Сәті түсіп отыр 29 жасымда рақмет, жастарды қолдап осындай партияға, «AMANAT» партиясына рақмет қолдау көрсеткендеріне.

Қайрат ИМАШЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бүгінгі таңда өзіміздің 2023-27 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламамыз бар. Ол жерде басым бағыттың бірі осы кәсіпкерлерді қолдау болып табылады. Ол жерде біздің алдағы бес жылда 65 млрд теңге қолдауға қарастырылып отыр.