Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы талқыланды

Қызылордада мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруда. Ауыл әкімдері атқаратын жұмыс көп. Мәселен, Сырдария ауданына қарасты 6 елдімекеннің басшысына «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында ұсыныс әзірлемегені үшін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ескерту жасады.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы ауылдың гүлденуі мен тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бағдарлама аясында былтыр аймақта 7,8 млрд теңгенің жұмысы атқарылды. Ал Сырдария ауданында тек кент пен 2 ауыл халқы оның шарапатын көрген. Қалған ауыл әкімдерінің бұл бағыттағы жұмысы жеткіліксіз. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев оларды сын тезіне салды.

Нұрлыбек НӘЛІБАВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Бұл кісілер үшін сол жердегі ел, халық зардап шекпеу керек. Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесін ел-халық көру керек. Оны әр ауыл сезіну керек. Мемлекет басшысы солай тапсырма берді. Әр елді мекеннің тұрғындарының жағдайын жақсару керек. Ауыл әкімдері сезініп тұрсыздар ма? Жұмыс істеу керек. Жұмыс жасау керек шұғыл түрде.

Аймақ басшысы осы уақытқа дейін жұмысына қарқын қоспаған ауыл әкімдеріне тапсырмалар берді. Сонымен қатар, аудан бюджеттің кіріс көлемін жоспарлаудағы кемшін тұстарды да айтты. Осы салаға жауапты басшыларға өз міндеттерін дұрыс атқаруды жүктеді. Облыс әкімі одан әрі барлық құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрығндарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Онда 60-дан аса тұрғын түрлі сауалдарына жауап алды.

Ғалия ЖӘРЕКЕЕВА, СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мұндай басқосулар бізге өте қажет екен. Өйткені бетпе-бет отырып, тікелей мәселеңізді айтып, тікелей шешуге ықпал жасайды екен. Жұмыстарына қанағаттанамын.

Айта кетейік, облыс әкімі тағайындалғаннан бері қоғамдық қабылдауларды тұрақты түрде өткізіп келеді.