Павлодар қаласы ІІМ ҚАЖК №47 мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Подполковник колония бастығы болып екі айдан астам уақыт жұмыс істеген. Ол үш сотталушыға күнделікті тәртіпті сақтамауға рұқсат бергені белгілі болды. Олар еш кедергісіз шығып, белгіленген уақытта түзеу мекемесіне оралмаған. Үшеуі де Павлодар облысында ғана емес, Астана, Щучинск, Көкшетау қалаларына да емін-еркін барып келіп жүрген.
Сонымен қатар, колонияның экс-басшысы қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кезекші көмекшілеріне аталған сотталғандардың есепте жоқтығын көрсетпеуді тапсырған.
Колонияның экс-бастығы 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар ол әділет подполковнигі атағынан да айырылды.