Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда подъезд есігі баланы басып қалды

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2023
  • 842

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде подъезд есігі баланың үстіне құлап, басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Бала жедел жәрдеммен №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді, аспаптық тексерулерден өтті, атап айтқанда, бастың томографиясы жүргізілді. Ауруханаға жатқызуға ешқандай белгілер болған жоқ, амбулаторлық емдеуге жіберілді", – делінген хабарламада.