Русский Сайттың толық нұсқасы

"Реал Мадридтің" бас бапкері жаңа рекорд орнатты

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2023
  • 974
Карло Анчелотти. Фото: Jean Catuffe/Getty Images

"Реал Мадридтің" бас бапкері Карло Анчелотти Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Италиялық маман Чемпиондар лигасында 191 матч өткізген алғашқы бапкер атанды. Осылайша, ол "Манчестер Юнайтедтің" аңыз жаттықтырушысы Алекс Фергюсонның рекордын бұзды. Карло Анчелотти карольдік ұжымнан бөлек "Милан", "Бавария", "Челси", "Ювентус", "Наполи", "Парма", "ПСЖ", "Эвертонды" жаттықтырған.

Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының финалына "Интер" мен "Манчестер Сити" шықты. Италиялық команда "Миланнан" айласын асырса, Пеп Гвардиола жаттықтыратын ағылшындық команда карольдік ұжымды жарыс жолынан шығарды.