WhatsApp мессенджерінде қылмыстық полиция, тергеу және жергілікті полиция қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін төлеу тоқтататылатыны туралы жалған хабарлама тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таралған хабарламада төлемдер лауазымдық жалақының артуына байланысты тоқтатылады делінген.
Stopfake.kz сайтының жазуынша, ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.