Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 72 жастағы науқас аурухананың үшінші қабатынан секіріп кетті

Шымкентте 72 жастағы қария аурухананың үшінші қабатынан секіріп кетті. Ол №1 қалалық клиникалық аурухананың хирургия бөлімінде ем алып жатқан. Дәрігерлердің дерегінше, мұнда 7 мамыр күні жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Науқаста өзіне-өзі қол салу белгілері болған. 3 күннен кейін палатаға ауыстырылған зейнеткердің туыстары күнде келген, бірақ қайғылы оқиға болардан бір күн бұрын жанында ешкім қалмапты. Жоғарғы қабаттан құлаған қарияны дәрігерлер аман алып қала алмады.

Қуаныш ЛЕКЕРОВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Негізі сол туысқандары қасында отырғандықтан қаншама күн бұндай жағдай болмаған ғой, туысқандары кетіп қалғаннан кейін сол «мені тастап кетті» деп ойлағаннан деп өзіміз, өйткені бізден біздің 1 қалалық хирургиялық деңгейінде өте жоғары деңгейде көмейі тігіліп, бірінші хирургиялық өңдеу жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылып, бірінші жоғары медициналық қызмет көрсеткенбіз.

Оқиғаның мән-жайын қазір полиция анықтап жатыр. «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен тергеу жұмыстары басталған. Денсаулық сақтау басқармасы да қызметтік тексеру жүргізілмек.

Бақытжан АБДУЛЛАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қызметтік тексеріс жүргізу бойынша басқарма басшының бұйрығымен тексеретін мамандар құрылды. Қазіргі таңда біз жақтан тексерулер жүргізілу болады. Егер жіберілген қандай да бір қателіктер, ұйымдастыру жағында болсын, ем көрсету барысында олқылықтар табылып жататын болса, соған байланысты қызметтік тексеруден кейін қатты шара көрілетін болады.