Қызылордада
қарттар күніне орай ақсақалдар мен әжелер байқауы өтті. Олар би билеп, ән айту
мен қолөнер шеберлерін анықтады.
Жұптар
вальс билеуден бір-біріне жол бермеді. Әжелер нәзік басып, ақсақалдар нақты
қимылдап, жанкүйерлердің көнілдерінің шықты. Шәмшінің әндерін әсерлі орындаған
жеке орындаушылар да назардан тыс қалмай, көпішіліктің көңілін тебірентті.
Ал
енді бау-бақшаның күзгі өнімдерден жасалған бұйымдар көпшілікті таңқалдырды.
Қазылар алқасының назарына қауыннан жасалған қайық, асқабақтан дайындалған
себеттер, баялдыдан пингвиндер, алмадан қырықбуындар ұсынылды. Қатысушылардың
қиялдарында шек болмады. Қазылар алқасы - облыстық салауатты өмір салтын
қалыптастыру орталығы қарттарға сый-сияпат көрсетті. Жалпы Қызылодада 23 мың
қарт кісі тұрады.
Шарипа САҚТАПОВА