Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда жас жігітті пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2023
  • 1603

Оралда жас жігітті пышақтап өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Департамент мәліметінше, оқиға 19 мамыр күні сағат 04.22-де «Али» кафесі жанында болды.

«Белгісіз біреу 1995 жылғы жігітті пышақтап кеткен. Алған жарақаттары салдарынан марқұм ауруханада көз жұмды. БҚО полиция департаменті криминалдық полициясы жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде 19 жастағы күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.