Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында арнайы операция жүргізіліп, ірі есірткі сатушы ұсталды

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2023
  • 994

Жетісу облысының полицейлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізіп, 51 жастағы синтетикалық есірткі сатушыны ұстады. Ер адам бұдан бұрын есірткі заттарын сақтау және сатуға қатысты сотты болғаны белгілі болды.

Жетісу облысының ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаратал ауданының Ескелді ауылында орналасқан жеке үйінде тәртіп сақшылары өсірілген марихуананың 108 түп тамырын тапты. Сондай-ақ дайын кептірілген 40 қарасора түптері, есірткі оралған түйіншіктер, оның ішінде "синтетикалық" есірткілер және қолдануға арналған әртүрлі құралдар табылды.

Күдікті УҰИ-ға қамалды.

"Тергеу амалдары, синтетикалық есірткіні өткізу және сақтау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, сату және сақтауды көздейтін, қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша жүргізіліп жатыр", делінген хабарламада.