Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайлық дәрігерлер ұшақта жүрегі тоқтап қалған жолаушының өмірін сақтап қалды

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2023
  • 832

Қазақстандық дәрігерлер ұшақ бортында жүрегі тоқтап қалған әйелдің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Instagram парақшасында хабарлады, деп жазды kaz.nur.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Қостанайлық дәрігерлер мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің делегациясы Қызылорда Медициналық Жоғары Колледжінен келе жатқан кезде орын алған. Делегация ішінде: “Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" Адам ресурстарын басқару және дамыту және ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Зәуре Жұмабаева, емдеу мекемелерінің басшылары - Самат Шуменбаев, Әміржан Бақытжанов, Қарлығаш Аленова, Владимир Шатерников, ұйымдастыру бөлімінің статистик маманы Ақмарал Нұрғалиева және Қостанай облыстық ауруханасының кадрлар бөлімінің бастығы Роза Бектемісова.

"Біз Қызылорда медициналық колледжі түлектерінің білімді жастар екендігіне сенімдіміз. Кәсіби маман бола алатындары анық. Бізде тәжірибелі дәрігерлер мен медбикелер жасақталған" - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Зәуре Жұмабаева.
Басқарманың ақпаратынша, бортта жолаушылардың бірі өзін нашар сезініп, кенет есінен таңған – жүрегі тоқтап қалған. Жолаушының жағдайы өте ауыр болғандықтан дереу әрекет ету керек ету керек болатын. Көмекке облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлері келді. "Анестезиолог-реаниматолог дәрігер Бақытжанов және оның тәжірибесі осы қиын жағдайда шешуші рөл атқарды. Ол сананың жоғалу себебін тез анықтап, жолаушының жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті процедураларды жүргізе бастады", - делінген басқармада.