Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыдағы ірі өрт: көпқабатты үйдің шатыры жанып кетті

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2023
  • 757

Қарағандыда 840 шаршы метр аумақтағы 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 мамыр күні сағат 14:59 шамасында Әлихан Бөкейханов ауданындағы 11-кварталдағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы қоңырау түскен.

Құтқарушылар үйден 15 адамды эвакуациялап, сөндіруге кіріскен.

Өрт болған жерге Қарағанды ​​облысының және қаланың әкімі барған. Өңір басшысы қала әкіміне тұрғындарды уақытша баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды. Штаб ұйымдастырылды.

Құтқарушылар 37 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 88 адамы, 17 техника жұмылдырылған.

Алдын ала болжам бойынша, 5-қабаттағы №42-пәтердің балконынан өрт шығып, үйдің шатырына жайылған.