Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-дағы ауыр жол апаты: Бір адам көз жұмып, тағы бесеуі зардап шекті

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2023
  • 1332

21 мамырда Қызылжар ауданы Соколовка ауылының маңындағы Есіл - Петропавл тас жолының 39 шақырымында Toyota Land Cruiser және Toyota Alphard көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан 6 адам зардап шекті. Оқиға орнында Toyota Alphard-тағы 64 жастағы жолаушысы қаза тапты. Өзге зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, екі жүргізуші де мас болмаған. Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа орналастырылды.

ЖКО фактісі 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.