Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өртеніп, екі адам зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше рет жарылыс болған. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, үш газ баллоны жарылған және шатырды жабатын 15 бума материал жанған. Өрт толықтай өшірілді.