Русский Сайттың толық нұсқасы

Максим Галкиннің Алматыдағы концертіне билеттер заңсыз сатылып жатқаны белгілі болды

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2023
  • 1027

"Алматы әуендері" директоры Бақытжан Садықов ресейлік әртіс Максим Галкиннің кешіне билет заңсыз сатылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Ресей әртісі Максим Галкиннің кешін ұйымдастырушылар ережелерге қарсы шығып, тіпті заң бұзуға дейін барды. Билеттер сатылымға шыққан, ал концерт өтетін алаң - Республика сарайымен жасалатын келісімшартқа осы күнге дейін қол қойылмаған. Бұл - аумақты іс-шара өткізудің міндетті шарты. Концерт алаңымен, осы жағдайда Республика сарайымен келісімшарт жасамай тұрып, билеттерді сатылымға шығару - алаяқтық және көрермендерді алдау",- деді "Алматы әуендері" КМҚК директоры Бақытжан Садықов.

Әртістің продюсері Алексей Пучковтың сөзінше, қажет құжаттар ұсынылған. Дегенмен ұйымдастырушылардың басы дауға қалды. Алаң өкілдері концерт афиша бойынша 6 қазан деп көрсетілгенін, ал Республика сарайында бұл күні басқа іс-шара жоспарланғанын айтты.

Галкиннің кешіне билет сатылымға шыққаны туралы ақпарат Желіде пайда болды. Платформаның Алматыдағы Республика сарайына ешқандай қатысы жоқ. Алаң басшылығы істі тексеру үшін прокуратураға жүгінді. Бақытжан Садықов көрерменді алдағаны үшін бар жауапкершілік концерт ұйымдастырушының мойнында екенін алға тартты.