Русский Сайттың толық нұсқасы

Жарты миллион қазақстандық ипотека төлеп отыр

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2023
  • 1164

Қазақстанда ипотека төлеп отырғандардың саны алғаш рет 500 мың адамнан асты. Мұндай деректерді Бірінші несиелік бюро ұсынды. Бұл - 1 мамырдағы жағдай бойынша қалыптасқан дерек, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бүгінде ипотекалық несиелердің жалпы көлемі 5.9 триллион теңге болады. Бұл ретте 290 мың қарыз алушының өтеу мерзімі 10 жылдан аз емес.

Әрбір оныншы ипотека төлеп отырған қазақстандық тағы 20 миллион теңге төлеуі қажет.

Ипотекалық қарыз бойынша берешектің орташа сомасы 10 миллион 200 мың теңге болады.

Астанада 98.1 мың ипотека, Алматыда 83.5 мың ипотека рәсімделген. Бұл - жалпы ипотека санының 36 пайызы.

Ресімделген несие саны бойынша Астана мен Алматы көш бастап тұр.