Қазақстан халқына қорының төрағасы Болат Жәмішев елдегі мүрде донорлығының мәселесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізде көздің қасаң қабығын ауыстырғысы келетін мың жарым адам бар. Қазір енді ойланып отырмыз, не істеуіміз керек, үкіметке жүгініңіздер дейміз. Ағза алмастырушы дәрігерлердің бәрі бізге сіздердің қордың ақшасы керек емес, бірнеше жыл бұрын жойылған мүрде донорлығын қайтарып беріңіздер дегенді айтады. Елімізде мүрде донорлығы болуы керек деп отыр. Көздің қасаң қабығын табу ісінде ешқашан мәселе туындап көрмеген еді. Донорлар көптеп келетін. Сонда қазір тыйымның салдарынан әлемінің түкпір-түкпірінен көздің қасаң қабығын сатып алған дұрыс па, әлде заңнаманы өзгерту оңай бола ма? Мың жарым адам көздің қасаң қабығын ауыстыру отасына мұқтаж. Олардың бәрі қашанғы күтіп отыра алады ? Қай жолмен жүретінімізді ойлап отырмыз», - деді ол БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, пилоттық жоба аясында 12 адамға осындай ота жасалып жатыр. Ал қажетті донордың бәрін АҚШ-тан тапқан.
«Біз бастаған пилоттық жоба, бұл жобаны қолға аламыз ба, жоқ па, деген сұраққа жауап таба аламыз. Заңды өзгерту көздің қасаң қабығын бүкіл әлемнен іздеп жүргенннен әлдеқайда оңай. Бұл туралы мен жүрген жерімнің бәрінде айтып жүрмін», - деді Болат Жәмішев.