Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың TikTok, Instagram, Facebook желісіне кіруін шектеу жоспарлануда

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2023
  • 1233

Қазақстанда балаларға ата-аналарының рұқсатынсыз бірқатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркелуін шектеу жоспарлануда. Тиісті жоспардың жобасы "Ашық" НҚА порталында жарияланды.

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023- 2025 жылдарға арналған "Бала қорғау" кешенді жоспары "Ашық" НҚА порталында 23 мамыр күні жарияланған болатын.

Құжатта көптеген ұсыныс айтылған. Солардың бірі - кәмелетке толмағандардың Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларына заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркелуін шектеу туралы ұсыныс.

Сондай-ақ аталған кешенді жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

"Балалардың зорлық-зомбылықтан және оларға қатыгездіктен қорғау құқығын іске асыру";

"Білім алушылардың педагогикалық қолдау құқығын іске асыру, балалардың суицидтік және аутоагрессивті мінез-құлқының алдын алу және түзету";

"Қазақстандық балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы";

"Ақпараттық сүйемелдеу".

Құжат 6 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.