Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа жиі ұрынатын 11 саланың бірі - осы білім беру. Жыл басынан бері жемқорлық фактісіне байланысты 16 қылмыстық іс қозғалған. Сыбайластық әрекеттердің салдарынан мемлекеттің 67 миллион теңгеге жуық қаржысы қолды болған. Бұл саладағы жемқорлық фактілері әсіресе оқытушыларды жұмысқа қабылдау, мұғалімдерді аттестациядан өткізу немесе түрлі себеппен мектеп ұжымында қаржы жинау кезінде көп кездеседі,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
"Проблема қайдан шығып жатыр? Бухгалтерлер бар, кейбір қызметкерлер өз лауазымдарын пайдалана келе қаражатты дұрыс бағытта иемденбеген",-дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.