Күлтегін мен Тоныкөк, Білге қаған мен Ұмай Ана. Ыстамбұлда көне түркі тарихындағы танымал тұлғаларға арналған ерекше көрме ашылды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Есімдері мен ерліктері тасқа қашалған қаһармандардың мүсіндерін металл мен ағаштан жасаған түрік сәулетшісі Шуле Зейбек. Көрмеге түркі елдеріне ортақ тарихи тұлғалармен қатар, аңыз-дастандарда аттары аталған тұлпарлардың да мүсіндері қойылған.
Осы көрмеге қойылған 36 жәдігерді 7 ай ішінде жасап шығыпты.
Бұл көрмені Шуле өзге де түркітілдес мемлекеттерде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.