Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысындағы орман өрті оқшауланды – ТЖМ

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2023
  • 1434

Абай облысындағы қабылданған шұғыл шаралардың, сондай-ак өртке қарсы бөлімшелердің тәулік бойғы жұмысының нәтижесінде табиғи өртті 25 мамырда кешке оқшаулауға мүмкіндік туды.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, өртті сөндіруге әуе және жерүсті техникасы қолданылды.

«ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес жергілікті жерге тұрақты аэровизуалды тексеру жалғастырылуда. Өрт орнында рюкзактар мен мүмкіндік құралдарын қолдана отырып, қарауылдау ұйымдастырылған. Орман өртін сөндіруге жеке құрамның 800-ден астам адамы, 200-ден астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Сондай-ақ 10 тікұшақ: ТЖМ-5, Қорғанысмині-3, Экология министрлігі -2. Барлығы 357 892,5 тонна су төгілді», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өртті оқшаулаудың жалпы ауданы шамамен 3500 га құрады.

«Секундына 6-10 метр екпінді желдің болуы салдарынан, өртті сөндіру жұмыстары қиындады. Сондай-ақ тығыз өсетін дақылдар мен тұзды жерлердің болуы да өрттің өршуіне әсер етуде. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, техника мен жеке құрам жануды жою үшін жедел ден қоюды жалғастыруға дайын», - делінген хабарламада.