Русский Сайттың толық нұсқасы

"Екінші әйелісің бе": Сабина Алтынбекова оқырманның сауалына ашық жауап берді

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2023
  • 1317

Белгілі спортшы Сабина Алтынбекова Instagram желісіндегі парақшасында жанұясына қатысты кезекті сауалға жауап берді. 

Instagram stories-те оқырманның бірі "Сіз Саят Салманұлының екінші әйелісіз бе?Барлығы солай айтып жүр, сол үшін өзіңізден сұрайын деген шешімге келдім" деп Сабина Алтынбековаға сауал жолдаған. Өз кезегінде отандық спортшы "Мен Саяттың бірінші әрі жалғыз әйелімін", - деп жауап қайырды.

Сонымен қатар Сабина Алтынбекова Instagram желісіндегі күйеуімен түскен суреттерін неге өшіріп тастағанын түсіндірді.

"Достар, ойдан құрастырмаңыздар және жаман ойламаңыздар. Бүгін фото болса, ертең жоқ. Бұл мен желіге жариялағым келмейтін жай ғана сурет қой", - деді спорттшы.