Русский Сайттың толық нұсқасы

Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы Алматыда өткен турнирде жеңіске жетті

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2023
  • 834

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Алматыда өткен Naiza 51 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Сора Рахмонова ресейлік Валерия Карыгинамен кездесті. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, екінші раундта аяқталды, сол кезде Рахмонова қарсыласына үлкен соққылар жасады, кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Карыгина осы жеңілісіне дейін қатарынан үш рет жеңіске жеткен. Ал Рахмонова осымен төрінші рет жеңіске жетіп, бұған дейін бір рет жеңілген еді.

Cора Рахмонова жекпе-жектен кейін бірден анасына қоңырау шалды.