Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудан Шымкентке бара жатқан әйел пойызда босанды

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2023
  • 706

25 мамырда №29/30 жолаушылар пойызының бригадасының қызметкерлері Атырау – Алматы бағыты бойынша бара жатқан жолаушының босануына көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан әйелді жолда толғақ қысты. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына көмектескен. Сағат 21:52 минутта кейін сәби дүниеге келді.

Нұсқауға сәйкес, жолсеріктер күтпеген жағдай болғанда пойыз машинисіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды.

Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел-жәрдем қызметкерлері күтіп алды.