Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда жабық базар өртенді

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2023
  • 729

Оралда «Ақжол» жабық базарынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 27 мамыр күні Құрманғазы көшесі, 208/2-мекенжайында болған.

"Таңғы сағат 05.00-де орталық базардың ішінде орналасқан «Ақжол» жабық базарында азық-түлік өнімдерін сататын 3 бутик отқа оранды. Өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтыды. «Тілсіз жау» сағат 05.25-те оқшауланып, 05.43-те толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде", - деп хабарлады ведомстводан.