Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу алынды

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2023
  • 1077

Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу алынды, деп хабарлайды Zakon.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Ashyq жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды", - делінген хабарламада.

Осылайша, "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №5 қаулысына қол қойылды. Осы қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.

"Сонымен қатар COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлаймыз, вирус әлі де тарап жатыр, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады",-деді Денсаулық сақтау министрлігі.