Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауғанстан мен Иран шекарасындағы атыста 3 адам оққа ұшты

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2023
  • 1252
фото: REUTERS\Jalil Ahmad

Оқиғадан кейін ірі шекара бекеті жабылды,-деп жазады Халық үні.

Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болып, екі ирандық шекарашы мен бір «Талибан» содыры қаза тапты. Сондай-ақ бірнеше сарбаз жарақат алған.

Қақтығыс суға таластан туған. Оқты кімнің бірінші атқаны белгісіз. Қос тарап бірін-бірі айыптап отыр.

"Бүгін Нимроз провинциясында ирандық шекарашылар Ауғанстанға қарай оқ жаудырды. Бұлар қайта жауап берді. Қазір жағдай бақылауда. Ислам әмірлігі көршілерімен соғысқысы келмейді", - деді Талибан басқаратын Ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Нафи Такор.

Оқиғадан кейін Иранның Белуджистан мен Ауғанстанның Нимроз аймағында орналасқан ірі шекара бекеті жабылды.