Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2023
  • 843

Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы әлеуметтік нысандарды аралап көреді.

Бұдан бөлек, Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.